KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

ДКО еріктілердің ерең еңбегі

11.09.2024, 09:00 47 Қуаныш Рахметоллаұлы

 V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мыңнан астам еріктілерді біріктірді. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Түркия, Германия, Франция, Корея, Испания, Түрікменстан және Гана Республикасы бар. Қырғызстаннан келген еріктілермен танысып, олардың Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында немен айналысатынын білдік. 

“ДКО ерікті болып келгеніме өте қуаныштымын. Арнайы киімдерін беріп, бізді қазақ елі жақсы күтіп жатыр. Мен жарысты тамашалауға келген қонақтарды күтіп алып, билет бойынша алған орындарын отыруға көмектесемін. Волонтерлардың арқасында қарбалас жоқ. Осында өзім көп достарды таптым”, деді  Қырғыз елінен келген волонтер Сабина Маматова. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында еріктілер 18 топқа бөлінді. Әр команданың өз функциялары бар. Кейбіреулер жарысқа келген қонақтарды күтіп алып, орындарына жайғасуға көмектесіп жібереді.  Барлығы да шет тілдеріне жақсы меңгерген. Жұмысқа кіріспес бұрын еріктілер оқудан өтіп, тиісті сертификаттар алған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив