KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді

Фото: worldnomadgames.kz

10.09.2024, 16:15 90 Айжанат Бақытқызы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғызстанда өтеді. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты inform.kz сілтеме жасап.

Басқарма басшысы Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп жатқанын атап өтті.

«Сіздермен жақсы жаңалықты бөліскім келеді. Қырғызстаннан бастау алған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы туған жерінде өтеді», - деді ол.

Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 14 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль жеңіп алып, медальдар тізімінде көш бастады.

Қырғызстан 14 медаль, оның ішінде 3 алтын, 7 күміс және 4 қола медальмен екінші орында.

Қырғызстаннан келген спортшылар спорттың барлық түріне, соның ішінде екі ұлттық ойын — көкбөрі мен көкпарға қатысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив