KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Азат Перуашев Қазақстанды "Қазақ Республикасы" деп атауды ұсынды

23.01.2019, 08:31 205



Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанды қайта атау туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Депутаттық сауал еліміздің премьер-министріне жолданды. Перуашев 2020 жылы КСРО құрамындағы Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толатынын еске сала отырып, осы күнді лайықты атап өтуге шақырды.


– (...) Қазақстан атауын пайдалана отырып, елімізге ресми атауын – «Қазақ Республикасын» қайтару туралы мәселені қарастыруды ұсынамыз. Мұндай бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан бес жыл бұрын ұсынған бо латын. Елбасының ұсыныстарын іс жүзінде жүзеге асыратын уақыт келді деп есептейміз. Ақты – ақ, қараны – қара, қазақты – қазақ деп атау керек. Республикаға тоталитарлық биліктің өзі мойындаған «қазақ» атының оралуы тарихи әділдікті қалпына келтіріп қана қоймай, барлық отандастарымыздың бірлігі мен достығына үлкен серпін береді, – деп түйіндеді Азат Перуашев.


Депутат «Қазақ Республикасы» атауын қалыптасқан «Қазақстан» атауымен бірге пайдалану керектігін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив