Бір топ адам Бұқтырмадағы аралда қалып қойды
freepik.com
ШҚО ТЖД мамандары көмекке келіп, жағаға жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алтай ауданындағы Октябрь кентінде Бұқтырма су қоймасындағы аралға 3 азамат, оның біреуі бала, резеңке қайықпен жүзіп кетті. Алайда ауа райы күрт құбылып, жел соғып, үлкен толқындарға байланысты жағаға орала алмаған.
Олар құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.
- Құтқарушылар моторлы қайықпен аралға жетіп, саяхатшыларды жағаға жеткізді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Бір күн бұрын ауданда дауылды ескерту жарияланған болатын.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға құтқарушылардың ұсыныстарына құлақ салып, кешкі уақытта, ауа райының қолайсыз кезінде қайықпен суға шықпауды сұрайды.
Оқи отырыңыз