Түрмеде отырған азамат әкімнің орынбасары атынан алаяқтық жасаған
pixabay.com
Өзін әкімнің орынбасарымын деп таныстырған ол кәсіпкерлердің бірінен 50 млн теңге алған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратына сүйенсек, Өскемен қаласының соты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан А. Әбдірахмановқа қатысты үкім шығарды.
- Бас бостандығынан айыру мекемесінде отырған ол ұялы телефонға қол жеткізе отырып, өзін облыс әкімінің орынбасары ретінде таныстырып, су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында өңірдің ірі кәсіпкерлерінің біріне қоңырау шалған. Сотталушы бизнес субъектісіне одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар беру сылтауымен кәсіпкердің 50 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды, - делінген хабарламада.
Сот үкімімен бұрын шығарылған жазаны қосу арқылы оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз