KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, Ю
492.14 528.85 5.01

Қазақстандықтар Отбасы күнін атап өтуде

8.09.2024, 18:00 98 Назерке Каримова

Қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні тойланады.

Мереке 2013 жылы бекітілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мерекенің негізгі идеясы - ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мен неке ұғымдарына сүйіспеншілік тудыру.

Биыл мерекенің жаңа тұжырымдамасы бекітілді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек,2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтті. Аптаның әр күні отбасылық дәстүрлер, некені жоспарлау, ұрпақ саулығы, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптарға арналды.

- Республика бойынша барлығы 1000-нан астам іс-шара өткізіліп, 1 миллион адам қамтылды, - делінген ақпаратта. - Бүгін қазақстандықтар «Отбасым – менің байлығым» акциясын бастады. Әлеуметтік желіде отбасыңыздың суретін жариялау арқылы акцияға қосылуға шақырамыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив