KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тарихы

8.09.2024, 13:00 229 Назерке Каримова

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталмас бұрын, жарыстың тарихына шолу жасап көрейік.

2014 жылғы 9 қыркүйекте Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында Ыстықкөл көлінің жағасында алғашқы дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті.

Сол кезде спорттың 10 түрі бойынша жарыстар өткізілді. Спорттық іс-шаралармен мәдени бағдарламаларда қамтылды. Ал сол кезде жарысқа 19 елдің спортшылары қатысты. Ойындар жайлы  көптеген әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Қырғыз Республикасында ойластырылған және алғаш рет іске асырылған халықаралық спорттық іс-шара жаһандық мәртебеге ие болып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

ДКО бастау алғаннан бері спорт түрлері мен қатар географиялық ауқымы да кеңейді. 

Шолпон-Ата қаласы халықаралық жарыстарды үш рет өткізді:

2014 жылы-19 елден 583 спортшы, 10 спорт түрі.

2016 жылы-62 елден 1 200 спортшы, 26 спорт түрі.

2018 жылы-82 елден 2000 спортшы, 37 спорт түрі.

4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2022 жылы Түркияда, Изник қаласында өтті. 82 елден 3000 спортшы, 13 спорт түрінен бақ сынады.

Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына  әлемнің 89 елінен  2500-ге жуық қатысушы, Астана қаласының ең үздік спорт алаңдарында 21   спорт түрінен жарыстар өткізіледі. Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жектен жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құс салудың ұлттық түрлері, ат үстіндегі сайыстар, халық ойындары. Ойындарда 97 медаль сарапқа салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив