Мемлекет басшысы Бразилия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Федеративтік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Президент ұлт бірлігі мен ынтымағының бірегей нышаны болған бұл мейрамның ел тарихындағы орны ерекше екенін атап өтіп, Бразилия халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.
Оқи отырыңыз
ҚР Президенті Бразилия басшысына көңіл айту жеделхатын жолдадыТоқаев Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтадыМемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдадыҚР Президенті Қырғызстан мен Малайзия халқын құттықтадыТоқаев Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады