KZ
Өскемен
туман жел 2 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

ШҚТУ-да Қазақстан-Неміс ғылым және білім апталығы басталды

7.09.2024, 21:00 118 Назерке Каримова

Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ–да “Ғылым және білім: Қазақстан мен Германияның серіктестігі” атты іс-шаралар сериясы басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аптаның елеулі оқиғасы - Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институты (ҚНҒжТ) жобасының тұсаукесері. ШҚТУ мен Қазақстан-Неміс университетінің (ҚНУ) бастамасы бойынша жоба ШҚТУ базасында жұмыс істейтін болады. Институт елдер арасында тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етіп, ғылым мен технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың орталығына айналмақ.

Сондай-ақ ШҚТУ Бранденбург Котбус-Зенфтенберг техникалық университетімен (Brandenburgische Technische Universität Cottbus – Senftenberg) серіктестікте магистранттарға арналған “Металлургия” жаңа екі дипломды бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама студенттерге екі елдің жетекші техникалық университеттерінде білім алуға бірегей мүмкіндік береді.

Апталық аясында ғылыми іс-шаралар жоспарланған - “Тау-кен металлургия саласының орнықты дамуының сын-қатерлері мен перспективалары” Workshop, металлургия саласын дамытудың негізгі бағыттарына, инновацияларға, орнықтылық пен цифрландыруға арналған Бранденбург техникалық университеті өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел, сонымен қатар қазақстандық, американдық және неміс ғалымдары үшін Шығыс Қазақстан табиғат аясында көшпелі тимбилдинг өтеді.

- Қазақ-неміс ғылыми институтында ғылыми тәжірибелер, зерттеулер және білім беру жобалары жүргізілетін заманауи зертханалар мен ғылыми орталықтар жұмыс істейді. Мысалы: геомеханиканы зерттеу, климаттың өзгеруі мен көміртегі ізін зерттеу, геологиялық барлау жұмыстарын геоақпараттық қамтамасыз ету, ұсыну инжинирингтік қызметтер және өндірістердегі қауіпсіздік жөніндегі білім беру бағдарламалары; озық технологияларды дамыту; геомеханика саласында зерттеулер жүргізу; металлургия және пайдалы қазбаларды байыту салалары; оқытушылардың, зерттеушілердің, магистранттар мен студенттердің ғылыми жобаларын қолдау, - деп хабарлады ШҚТУ-дың баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу