Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Александрияда информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы аяқталды.
90 елден келген 350 қатысушының арасында Қазақстанның құрама командасы үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Жарысқа қатысушылар:
- Максим Цой - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Мансұр Таймас - Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Назар Серазитдинов - Алматы қаласындағы мектептің 11-сынып оқушысы;
- Ахмет Иса - Қызылорда облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері: Темірлан Сатылханов - ACM бас бапкері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы; Айбар Қуанышбай - IITU магистранты, республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.
Анықтама үшін: жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтарға біржолғы сыйақы беріледі. Алтын медаль жеңіп алған оқушы 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.