ШҚО: жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі
Шартты сурет
Мемлекет тарапынан жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Мәселен, ШҚО-да биыл жастар үшін 1 млрд 90 млн теңге сомасында 218 шағын несие қарастырылып отыр.
Бұл туралы ШҚО қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Данияр Жүнісов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сәуір айының басында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастардың бизнес-идеяларын іске асыруға 15 миллион теңге сомасына 11 грант берілді. Сонымен қатар биыл жастарға 2,5 пайыз жеңілдікті мөлшерлеме бойынша 200-ден астам микрокредит беру жоспарланған, – деді Данияр Жүнісов жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі кезінде.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы business.enbek.kz порталында кәсіпкерлік негіздері туралы 280-нен астам жастар білім алған.
Жәрмеңке барысында облыс орталығындағы еңбек нарығында ең сұранысқа ие мамандар туралы да айтылды.