KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
504.34 556.34 5.97

Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерттеу керек – Тоқаев

Фото: ашық дереккөз

31.05.2023, 10:15 3 539

Бүгін – қазақ халқының тарихындағы ең бір сұрқай нәубет пен ақтаңдақтарды еске алатын ауыр күн.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Президент азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз деп жазған. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет деді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу