KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Семейде ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

polisia.kz

10.12.2023, 18:30 392 Назерке Каримова

Семейде мас ер адам кішкентай қызға шабуыл жасаған. Күдікті азамат УҰИ-ға қамауға алынды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ер адамның көшеде келе жатқан қызға шабуыл жасағаны түсірілген видео тарады. Дер кезінде келген Абай облысының учаскелік полиция инспекторы баланы мас ер адамнан қорғады. 7 желтоқсанда Семейде учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраев көшеде шыққан қыздың дауысына дер кезінде ден қойған.

"Қыздың даусы шыққан жерге жеткен полиция қызметкері ер адамның 11-12 жас аралығындағы қызды ұстап тұрғанын және үйдің кіреберісіне күшпен кіргізуге тырысып жатқанын көрді. Учаскелік полицей қызды мас адамның қолынан босатып, өз жағына тартып, оны қорғайтынын білдірді. Бала Семей мектептерінің бірінің 6-сыныбында оқиды. Қарағайлы шағынауданының үйлерінің бірінің жанынан өтіп бара жатып, оған белгісіз ер адам пәтерге баруды ұсынған", - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив