Полицейлер үш күнде борышкерлерден 30 млн жуық айыппұл өндірді – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында "Борышкер"жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды.
Жедел профилактикалық іс – шарасының үш күнінде мемлекет бюджетіне 29 млн.теңгеден астам қаражат түсті, мәжбүрлеп өндіріп алуға 19 млн. 808 мың теңге сомасына 1 500 қаулы жіберілді, ал қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұрақтарға 110 автокөлік орналастырылды.
- Іс-шара барысында, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде полиция қызметкерлері облыс орталығында Нұр-сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруындағы "HYUNDAI" маркалы көлігін тоқтатты, оны тексеру кезінде жалпы сомасы 131 265 теңгені құрайтын "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенімен автоматты түрде тіркелген 8 төленбеген нұсқамасы бар екенін анықтады. Барлық құқық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қойылды, - деді ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.