KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

«Борышкер»: Айыппұл өтемегені үшін 42 көлік айыппұл тұрағына қойылды

7.11.2021, 09:51 192

«Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында облыс аумағында 3-5 қараша аралығында полиция қызметкерлері борышкерлер мен жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзғандарды анықтады.

Іс-шараны өткізудің бірінші күні атқарушылық іс жүргізу қызметкерлерімен бірлесіп, 6 млн.теңгеден астам сомаға ерікті төлем мерзімі өтіп кеткен 569 қаулы өндіріп алынды, ал орындалмаған айыппұлдар үшін мамандандырылған тұрақтарға 42 көлік құралы қамалды.

- 3 қарашада құқық қорғаушылар облыс орталығында Өскемен қаласының 25 жастағы тұрғынының басқаруындағы «MERCEDES» маркалы көлігін тоқтатты, оны тексеру кезінде жалпы сомасы 350 мың теңгеден астам сомаға «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенімен автоматты режимде тіркелген 10-нан астам төленбеген нұсқама анықталды. Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қамалды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес азаматтардың 7 жұмыс күні ішінде 50% мөлшерінде айыппұл төлеуге құқығы бар екенін еске салады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив