KZ
Өскемен
-28°
плотный туман Штиль
504.6 594.27 6.48

7 күн ішінде 10 млн айыппұл өндіріліп, 40 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды

8.09.2021, 17:58 656

Шығыс Қазақстан облысында «Айыппұл төле» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды.

7 күн ішінде мемлекет бюджетіне 10 млн.теңгеден астам қаражат өндіріп алынды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұраққа 40 автокөлік қойылды.

Сонымен қатар, 2000-нан астам азаматқа әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланды.

- Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде тәртіп сақшылары облыс орталығында Өскемен қаласының 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Subaru" маркалы көлігін тоқтатты, онда тексеру кезінде жалпы сомасы 320 870 теңгеге "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенімен автоматты режимде тіркелген 19 төленбеген нұсқама анықталды. Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қамалды, - деді ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу