Өскеменде 10 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жаяу қалды
Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғаудың алдын алу мақсатында облыс аумағында 2022 жылғы 14-20 наурыз аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің екінші күні 979 қаулы орындалып, 10 млн. 159 мың теңге қаражат өндірілді.
Әкімшілік айыппұлдарды орындамағаны үшін 76 автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды.
- ЖПІШ жүргізу барысында тәртіп сақшылары облыс орталығында Өскемен қаласының 25 жастағы тұрғынының басқаруындағы "ВАЗ21123" маркалы көлігін тоқтатты, онда тексеру кезінде жалпы сомасы 130 177 теңгеге "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенімен автоматты режимде тіркелген 10 төленбеген ұйғарым анықталды. Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қамалды
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының талаптарына сәйкес, Азаматтар жеті тәулік ішінде айыппұл сомасының елу пайызын төлеуге құқылы. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін айыппұл толық көлемде төленеді,- деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
Айыппұлды өз еркімен төлеу үшін қолданыстағы заңнамада 40 күндік мерзім көзделген. Жоғарыда көрсетілген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда, әкімшілік материал жұмыс орны бойынша не жеке сот орындаушыларына