"Еденнің астына жасырған". 49 жастағы тұрғынның үйінен атыс қаруы табылды
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Глубокое кентінің 49 жастағы тұрғынының үйінен атыс қаруы табылды. Қаскөй қаруды еден астына жасырған.
Сараптамаға сәйкес, тәркіленген мылтық 7,62*54 мм калибрлі. Бұл мылтық ату үшін жарамды.
Ұсталған ер адамның азаматтық қарудың иесі болып табылмайтыны, тәркіленген қару ІІМ базасында тіркелмегені анықталды. Бұл мылтық оған марқұм әкесінен қалды деп түсіндірді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз