KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

Облыс әкіміне «Тарасовтар отбасындағы трагедияға» қатысты сұрақ қойылды

26.02.2021, 12:46 174

Өскемен қаласының тұрғыны облыс әкіміне «Тарасовтар отбасындағы трагедияға» қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл атышулы оқиға 2013 жылы болған. Григорий Тарасов есімді кәсіпкер дачадағы жарылыс кезінде қаза табады. Тергеушілер мұны жазатайым оқиға деп таниды. Ал кәсіпкер азаматың ата-анасы «баламызды бизнесін тартып алу үшін бір топ адам қасақана өлтірді» деп, жылдар бойы бірде «жоғарыға» хат жазып, бірде облыстық прокуратураның, әкімдіктің алдында аштық жариялап наразалық білдіріп келді. Ал бүгін облыс әкімінің есептік кездесуінде Светлана Тихонова есімді тұрғын:

– Тарасовтар отбасы талай жылдан бері қайғыдан қан жұтып келеді. Жалғыз ұлдан айрылғаны аздай, қылмыстың беті бүркемеленді деп қамығады олар. Осы іс қашан ақырына жетеді, – деп сұрақты төтесінен қойды.

Даниал Ахметов бұл мәселеден хабардар екенін жеткізді.

– Мен Владимир мен Валентинаны (қаза тапқан кәсіпкердің әке-шешесі) әбден танып алдым десем де болады. Оларды 20 шақты рет қабылдадым. Президент әкімшілігіне, Қауіпсіздік кеңесіне шығуларына ықпал еттім. Бір нәрсені нақты айта аламын, бұл іс біздің бақылауымызда. Ақ-қарасының жауық арада анықталуына күш саламыз. Қалай болған да бұл мәселе кешікпей түзу шешімін табады деп сенемін, – деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу