Шығыста әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы белсенді түрде жүргізілуде. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Ел Президенті Қ.К.Тоқаев атап айтқан әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа пакеті аясында 2020 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы қаражатының көлемі облыс бойынша 819 инфрақұрылым жобасын іске асыру үшін барлығы 77,4 млрд. теңге құрады. Оның ішінде өткен жылы әлеуметтік саланың 19 жобасы, оның ішінде 4 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 6 спорт,2 мәдениет және 5 инфрақұрылым объектісі пайдалануға берілді, – деді Даниал Кенжетайұлы.
Облыс әкімінің айтуынша, 2021 жылы 30 объектіні, оның ішінде 13 спорт, 6 - білім беру, 5 - денсаулық сақтау, 4 - мәдениет, 2- өзге де объектілерді іске қосу жоспарланып отыр.