Қанат Бозымбаев Өскемендегі жылу орталықтарының жұмысымен танысты (видео)
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Өскемен қаласындағы жылу электр орталықтарында болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Согра ЖЭО» ЖШС Өскемен қаласының Жаңа Согра, Радужный және Солнечный кенттерінің тұрғындарын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Биыл компания Энергетика министрлігімен инвестициялық келісімге өтінім беріп, орталықты кеңейту және модернизация жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары Жаңа Согра кентінде салынып жатқан тазалау құрылыстарында да болып, құрылыс барысымен танысты. Кешенде әрқайсысының қуаттылығы 4350 м³/тәулік болатын үш технологиялық желі арқылы биологиялық тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Фото: Махаббат Ахметжанова