KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, В
507.07 572.53 6.37

Риддерде Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні атап өтілді

26.04.2025, 12:30 258 Төлеуғазы Жансая

26 сәуірде бүкіл ел бойынша Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні өтіп жатыр. Бұл – Қазақстан өңірлерінде көгалдандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ауқымды экологиялық бастама.

Республика бойынша мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш отырғызу, саябақтар мен скверлерге гүл отырғызу, сондай-ақ "Таза Қазақстан" акциясы шеңберінде аумақтарды жинау бойынша акциялар өтуде. Бұл күн 2025 жылғы 21 сәуірде басталған экологиялық марафонды аяқтайды.

Риддер қаласында акция ерекше жарқын және көпшілік түрде өтті. Бүгін ағаш  отырғызу шарасына 3000 — нан астам адам қатысты және бір күнде 5000 ағаш көшеті, оның ішінде мемлекеттік орман қоры аумағында ауқымды ағаш отырғызу шеңберінде 1500 шырша көшеті отырғызылды.

2025 жылдың басынан бастап Риддер мен оның маңында 10 000-нан астам көшет отырғызылды, бұл 2024 жылы  8000 отырғызылған көшеттер көрсеткішңнен едәуір асып түсті. Биылғы жылы барлық іс-шараларға қатысушылардың жалпы саны 5000-нан асты.

Мұндай бастамалар қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосып қана қоймай, азаматтардың туған өлкенің табиғаты үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Экологиялық мәдениет әрқайсымыздан басталады-және бүгінде мұны бүкіл ел бойынша мыңдаған қазақстандықтар дәлелдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу