KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Тазаланбаған мұржа: ШҚО-да 4 балалы отбасы ажал аузынан қалды

18.01.2021, 10:37 483
Шығыс Қазақстан облысында төрт балалы отбасы иіс тиіп, уланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл отбасы Семейде «Бобровка» бау-бақша серіктестігінің аумағындағы саяжайда тұрады.

– 15 қаңтарға қараған түні бір ересек адам мен төрт бала иіс тиіп, уланды. Зардап шеккендерге жедел медициналық жәрдем қызметкерлері көмекке келді. Мамандардың айтуынша, мұржа тазаланбағандықтан пештен улы газ шыққан, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу