KZ
Өскемен
+12°
небольшой дождь жел 5 м/с, З
442.05 474.14 4.74

«Nur Otan»: Ұлттық құндылықтар ұлықталады

6.01.2021, 15:23 127
Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – бұл Қазақстанның табысты дамуының сенімді негізі. Бүгінде Тараз қаласында 80-нен астам ұлт өкілі тұрады, 24 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға сүбелі үлес қосуда. Осы орайда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыруды жалғастырудың маңызы зор. Бүгін А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өткен келелі жиында бұл туралы кеңінен қамтылды. Мәдениет және өнер саласының қызметкерлерімен өткен кездесуге «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлауалды штабы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Қасымхан Төлендиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Мейрамбек Төлепберген, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұқаш Ескендіров, Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Эльмира Мырза-Ғали қатысты. Жүздесуде ұлттық құндылықтарды ұлықтау турасында әңгіме өрбіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Пратияның алға қойып отырған мақсаты айқын. Оның ішінде «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру, отбасының рөлін арттыру және отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізу, тарихи-мәдени мұраны сақтау, қалада туып-өскен көрнекті тұлғалардың өнері мен мұраларын дамыту бағытында нақты жүмыстар жүргізілмек.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив