KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Идеологиядағы олқылықтар түзеледі - Nur Otan

6.01.2021, 14:07 167
Алда өтетін сайлауға Nur Otan партиясының атынан қатысып жатқан үміткерлер Өскемен қаласының қарияларымен кездесіп, бағдарламаларын таныстырды. Қариялар өз кезегінде шаһардағы автобустар мен «кск» жұмыстарына қатысты өзекті мәселе көтеріп, алдағы уақытта шешімін табуға көмектесуін өтінді.

Депутаттыққа үміткер Вячеслав Ткач пен Арайлым Есімбекова алдымен өздерін таныстырып, бүгінгі биіктеріне билік партиясының арқасында жеткенін жеткізді.

– Соңғы «комсомолдың» бірі мен шығармын. Ауылда талай қиындық пен жоқшылықты көрдік. Ер азаматы бар шаңырақтар отынға ағаш шауып алып жатқанда, біз соның бұтақтарын тасып алсақ мәз болатынбыз. Кейіннен еңбекке араластым. Шетелдерде іс-тәжірибеден өттім. 25 жыл уақытым жастар саясатын жүргізу бағытында өтіп келеді. Бүгінде облыстық жастар ресурстық орталығының директорымын. Міне, бұл мен секілді қарапайым адамның шыңға шығуына елімізде көп мүмкіндік бар екенінің дәлелі. Ешқандай «аға», «көкесіз» жетістікке жетуімізге болады. Таршылық заман жоқ. Үздіксіз дамып келе жатырмыз, – деді Арайлым Есімбекова.

Ол жиынға төрт қария ғана келуін аязға байланыстырды. «Аязға байланысты біраз адам келе алмаған сыңайлы. Дегенмен, осындай күнде келіп отырған сіздерге зор алғыс, басымды иемін» деді.

Жиынға келген қариялар қаладағы қоғамдық көліктердің ескілігін сынға алды.

– Көліктердің терезелері бұлдыр болған соң діттеген жерлеріңізден өтіп кетіп жатасыздар. Ол түсінікті. Менің сайлауалды бағдарламамда автобустар мәселесі көрсетілген. Мен алдағы уақытта барлық автобусқа аялдамаларды хабарлайтын таспа жазып қоюын ұсынамын. Сіздердің қоғам өміріне алаңдап, маңызды жәйттардан бізді хабардар етіп отырғандарыңызға үлкен рахмет, – деді Арайлым Есімбекова.

Қариялар қаладағы қоқыс мәселесін де атап өтті.

– Өзімді таныстырсам, облыстағы жалғыз «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы бар адаммын. Елдегі жетістіктің бәрі билік партиясының арқасы екені түсінікті. Біз мемлекет алдымызға қойған міндеттерді мүлтіксіз орындауға тырысамыз. Өз басым идеология саласында жіберілген олқылықтардың орынын толтырсам деймін. Бұл туралы өзімнің бағдарламамда нақты айтылған. Өздеріңіз айтқандай, жастар қоғамдық көліктерде қарияларға орын бермей жатса, көшені қоқыстан тазартуға ат салыспай жатса, мұның бәрі идеологияда кеткен олқылық салдарынан. Мұны сіз болып, біз болып ретке келтіруіміз керек, – деді артист Вячеслав Ткач.

Nur Otan партиясы ШҚО Өскемен қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу