Халықпен біргеміз – Халық партиясы
Қазақстан Халық партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Гауһар Нұғманова мен Нұрболат Теміров Павлодар облысы Ақсу қаласының ферроқорытпа зауытының жұмыскерлерімен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.
Кездесу барысында сайлауалды бағдармаламаның негізгі тұжырымдамасын түсіндіріп өтті.
Жұмысшылар құқықтарын қорғайтын тәуелсіз кәсіподақтарға қолдау көрсету керектігін атап өтті.
Кейін кандидаттар қала тұрғындарымен де кездесу өткізді. Сайлаушылармен болған кездесуде партия мүшесі халықтың көп бөлігін толғандырып отырған өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, тегін білім, медицина, тұрғын үй және тағы да басқа мәселелер көтерілді.