KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
511.26 597.61 6.32

Өскемендегі №1 қалалық аурухананда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр (видео)

23.04.2025, 08:30 301 Ержан Әбіш

 

Өскемен қаласының №1 қалалық ауруханасы – қала мен облыс тұрғындарына күн сайын мамандандырылған, жоғары мамандандырылған және жедел медициналық көмек көрсететін маңызды медициналық мекеме. Стационарлық және стационарды алмастыратын форматта жұмыс істейтін аурухана тәулігіне жүздеген науқасты қабылдап, үздіксіз медициналық қызмет ұсынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аурухананың қабылдау-диагностикалық бөліміне күн сайын шамамен 200 адам жүгінеді. Солардың үштен бірі медициналық көрсеткіштерге сәйкес ауруханаға жатқызылады. Бұл мекеме жоғары шұғылдық режимінде жұмыс істейді, себебі пациенттердің 90 пайызына дер кезінде медициналық жәрдем қажет.

Аурухана базасында тәулік бойы жұмыс істейтін 7 операциялық бөлме мен 18 төсек-орынға арналған жансақтау бөлімі бар. Реанимация бөлімшесінің 100%-дан астам жүктемемен жұмыс істеуі медициналық көмектің жоғары сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр.

Қазір мекемеде ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың аясында палаталар жөнделіп, желдету жүйелері жаңартылуда және пациенттерге қолайлы жағдай жасау үшін жан-жақты өзгерістер енгізілуде. Бұл тек жайлылық деңгейін көтеріп қана қоймай, медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Өскемен қалалық ауруханасы – уақытпен санаспай, өмір үшін күресіп жүрген ақ халатты абзал жандардың жанкешті еңбегінің жарқын көрінісі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу