KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

"ADAL" партиясы өңірлерде кездесулер өткізуде

22.12.2020, 14:23 288
Шығыс Қазақстанда "ADAL" партиясынан Мәжіліс Парламент депутаттығына үміткерлер халықпен кездесулерін жалғастырып жатыр.

Облыста бұл күндері Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева, Лаура Маликова, Алина Асқарова және Игорь Шацкий жұмыс істеуде. Олардың әрқайсысы - белгілі бір саланың маманы. Сондықтан кездесулерде партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірумен қатар, түрлі мәселелерді шешудің нақты жолдары туралы да әңгіме көтерілді.

Шығысқазақстандықтарды экология тақырыбы ерекше толғандырады. Сондықтан өңірді кезең-кезеңмен газдандыру, ең ірі қоқыс орындарын жою және экологиялық білім беруді дамыту сияқты ұсыныстар жергілікті тқрғындардың жанына жақын болды.

Ұлан ауданының ақсақалдары жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесіне назар аударуды ұсынды. Және шекара маңыңда орналасқан аумақтардың проблемаларын шешу керектігі сөз болды. Айта кетерлік жайт, облыста осы бағытта Күршім, Катонқарағай, Тарбағатай, Үржар және Зайсан шекаралас бес ауданды дамыту үшін арнайы кешенді бағдарлама қабылданды. Барлық жоспарланған іс-шараларды іске асыру үшін бюджеттік, сондай-ақ бюджеттен тыс ресурстар жұмылдырылып, мемлекеттік қолдау құралдары іске қосылды. Бастапқыда 5 жыл бойы жоспарларды іске асыруға 209 миллиард теңге жұмсау жоспарланған болса, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" жобалары есебінен бұл сома 9 миллиардқа ұлғайды. Сонымен қазір 218 миллиард теңгені құрады.

Қалай болғанда да, депутаттыққа үміткерлер тұрғындардың әр сұрағына мұқият назар аударамыз деп сөз берді. Шығысқазақстандықтарға «ADAL» партиясының сайты көрсетілді. Қазіргі уақытта онда 6 қызмет ұсынылған. Соның ішінде, сайт пайдаланушысы белгілі бір аймақтың мәселелерін, оның бюджетін біле алада, адамның жеке көзқарасы бойынша ең өзекті мәселеге дауыс беру жолдары да қарастырылған. Бос жұмыс орындарын, бизнес-идеяларды іздеу бөлімдері бар, ата-аналарға арналған кәсіби бағдар туралы ақпарат та ұсынылған.

"Бұл визитка сайты емес, тіпті экожүйе деуге болады. Оның көмегімен біз бірнеше секунд ішінде адамның қандай проблемалары бар екенін нақты түсіне аламыз. Сіздің әрбір өтінішіңіз "орындауға арналған міндет" деген белгімен біздің филиалдардың қызметкеріне берілетін болады, - деп Олжас Ордабаев атап өтті.

Сондықтан бұл жай ғана ақпараттық алаң емес, қазақстандықтардың көпшілігінің проблемаларын шешуге арналған құрал. 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлау нәтижелерінен бөлек, сайт халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын бола алады. Осылай депутаттарға ел халқын толғандыратын мәселелерді бақылауда ұстауға көмектеспек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу