Алтай мен Серебрянка тұрғындарын сайлау учаскелеріне тегін жеткізуде
Бүгін Глубокое ауданы мен Алтай ауданы әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Соған орай Алтай мен Серебрянка қалаларында сайлаушыларға учаскелерге жетуге көмектесу үшін тегін көлік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Алтай ауданының ішкі саясат бөлімі хабарлағанындай, бұл мақсатқа қала ішінде автобустар арнайы бөлінген.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау таңғы сағат 7.00-де басталып, кешкі 20.00-де аяқталады.
Оқи отырыңыз