KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, З
524.66 550.21 5.09

Алтай ауданында жолақы қымбаттайды

Фото: inbusiness.kz

8.06.2023, 09:38 318 Ләззат Қанатқызы

Алтай қаласында қоғамдық көлік бағасы 80 теңгеден 120 теңгеге дейін өседі.

Қазір елдегі жанар-жағармай бағасы қымбаттағандықтан автотасымалдаушылардың жағдайы күннен күнге қиындап бара жатқан көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Алтай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңес барысында белгілі болды.

Айта кету керек, соңғы 5 жылда Алтай және Серебрянск қалаларында жол жүру ақысы өзгермеген. Десе де, бүгінгі күні жергілікті автотасымалдаушылар үлкен шығынға ұшыраған. Жанар-жағармай бағасының қамбаттауы жағдайда ушықтырып отырған көрінеді. Бұлай жалғаса берсе, автобустар желіге шықпай қалуы да мүмкін.

Қазір жол жүру ақысы 80 теңге, тасымалдаушылардың жағдайын қалыпқа келтіру үшін бағаны 120 теңгеге дейін өсіру керек.

– Қоғамдық көлік бағасы 120 теңгеге дейін көтеріледі. Қазір Алтай қаласының ТҮКШ бөлімі қажетті құжаттарды дайындап жатыр. Мәслихат сессиясында жол жүру құнын өсіру бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірленеді, – деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.

Ал Серебрянск қаласында жол жүру құнын арттыру мәселесі әзірге нақты шешілген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу