KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Алтай ауданында орман өртенді

10.07.2020, 18:20 214

Алтай ауданының Серебрянск қаласының маңындағы орманда өрт шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, 9 шілде күні сағат 13.00-де Серебрянск қаласынан 10 шақырым жердегі Өскемен орман шаруашылығы аумағы өртенген. Өрт ағашы жоқ ашық алаңда шыққан.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Серебрянск қаласынан өрт сөндіру қызметі шақыртылды. Барлығы 28 адам жұмылдырылды: 13 орманшы және 15 өрт сөндіруші. Өрт кешке қарай толық ауыздықталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив