KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
503.15 543.3 5.93

"Бақылаушылар өз міндеттерін тиянақты орындап, екі ауысымда жұмыс істейді" - Руфит Ахмедзянов

5.11.2023, 12:40 11 930 Назерке Каримова

Алтай ауданында бүгін, яғни 5 қарашада белгіленген аудан әкімінің сайлауы штатық режимде өтіп жатыр.

«Барлық сайлау учаскелері сайлаушылармен кездесуге толық дайын», - деп атап өтті «Дауыс» тәуелсіз бақылау коалициясының Алтай ауданы бойынша үйлестірушісі Руфит Ахмедзянов.

– Бүгін Алтайда 65 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Алтай өңірі бойынша сайлаушылар тізімінде 45 844 адам тіркелген. Сайлауды біздің 130 байқаушы бақылап отыр. Олар өз міндеттерін тиянақты орындап, екі ауысымда жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бірде-бір сайлау учаскесінде заң бұзушылықтар мен өзгерістер тіркелген жоқ. Жұмыс мүлтіксіз жүріп жатыр, сайлау комиссияларының барлық мүшелері дер кезінде келіп, жұмыстарын нәтижелі бастады.

Барлық сайлау учаскелері белгіленген кесте бойынша таңғы сағат 7-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сайлау учаскелері науқанға қажеттінің бәрімен жабдықталған.

Еске салайық, бұл аудан әкімдерінің сайлауы елімізде алғаш рет қанатқақты ретінде өткізіліп отыр.

- Сондықтан бұл процеске деген ерекше қызығушылық түсінікті. Сайлау процесі объективті, ашық және демократиялық түрде өтуі үшін біздің барлық байқаушыларымыз басқа ұйымдардың байқаушыларымен өзара әрекеттесе бастады, - деп атап өтті Руфат.

Айта кету керек, Руфаттың өзі 2005 жылдан бері облыстағы сайлау науқандарына қатысып, жыл сайын бақылаушы және үйлестіруші ретінде біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтіп тұрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу