ШҚО әкімі президент сайлауында дауыс берді
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі №42 орта мектепте орналасқан №9 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Аймақ басшысы бұл күннің Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тағы бір маңызды сәт екенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мен сайлау учаскесінде дауыс бердім. Адамдардың еліміздегі тұрақтылық пен бірлік үшін өз таңдауына сенім артуы мен азматтық позициясын белсенді танытуы аса қуантады. Бүгін ШҚО-да 549 сайлау комиссиясы жұмыс істеп тұр, оның ішінде 12 аумақтық және 537 учаскелік комиссия бар. Олардың құрамына 3,5 мың адам кіреді. Тәуелсіз бақылаушылар да өз міндетін атқаруда. Барлығымыз дұрыс таңдау жасап, қарқынды даму, экономика жақсарту мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жолында алға қадам басатынымызға сенімдімін, - деді Даниал Ахметов.
Айта кетсек, ШҚО-дағы 300-ге жуық сайлау учаскесі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арнайы жабдықталған. Үздіксіз циклді өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлер, яғни металлургтер , вахтерлар, сондай-ақ стационарлардың пациенттері үшін уақытша сайлау учаскелері жұмыс істейді. Қала тұрғындарына сайлау учаскелерінде бауырсақ пен ыстық шай берілді.
Оқи отырыңыз