ҚХП белсенділері отандық өнімді таңдайды
Партиялардың үгіт-насихат шаралары қыза түсті. Әр партия өкілдері ауыл-аймақтарды аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін көріп жүр.
Бұл сөредегі нан өнімдерін жергілікті наубайханашылар әзірлеген. Ұннан жасалған тағам түрлері тұтынушылардың көңілінен шығып, жоғары сұранысқа ие болуда. Сатушылар осылай дейді.
Партия мүшелері ашық және жабық базарларды аралап, әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің қаншалықты жеткілікті екенін көрді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі – халықшылдардың сайлауалды бағдарламасындағы басты бөлімдердің бірі. Бұл бағыт экономиканың шикізаттың емес секторын дамыту мен отандық кәсіпкерлерді қолдау сияқты бастамалармен бір қатарда тұр.
- Біздің партия әрқашан да үнемі сауда нүктелері мен супермаркеттерде ішін аралап, отандық тауарлардың қанша деңгеймен қамтамасыз етілгендігі туралы мониторинг жүргізіп отырады. Бүгінгі таңда көріп отырғанымыз отандық тауарлардың әлі де болса, біздің мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне келтіріп отырған пайдасы аз, - дейді ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Жамбыл Ахметбеков.