KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1,9 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Аузы берік адам душ қабылдаса немесе суға түссе, оразасы бұзыла ма?

Фото: KAZISLAM.KZ

6.04.2023, 11:44 4 837

Сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша бас имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай жауап береді:

– Әтір, иіссуларды пайдалану, олардың хош иісін иіскеу Ханафи мәзһабы бойынша оразаны бұзбайды және оразаға ешқандай жағымсыз әсер етпейді. Сонымен қатар хош иісті өсімдіктер иісін, мысалы, раушангүл мен раушан майын иіскегенде ораза бұзылмайды.  Сондай-ақ душ қабылдау, шомылу немесе жүзу оразаны бұзбайды. Себебі ораза ұстаған адамға суға түсуге тыйым салынбаған. Бірақ суға түскен адам аузын шайған кезде су жұтып қоймауы шарт. Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ораза ұстап жүрген кезде суға түсіп, ғұсыл алғаны туралы деректер бар.


Әзірлеген – Дәурен Аллабергенұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу