KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Ораза сәресіне ұйықтап қалған адам не істеуі керек?

29.05.2019, 09:30 656

 – Ораза сәресіне ұйықтап қалған адам не істеуі керек және сәресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе?


Медет Болатхан,
Жарма ауданы

 

Сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы, облыстық Халифа Алтай мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай жауап береді:

– Рамазан айында сәресіне тұрмаған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.) «ашура күні» [1] жаршыға былай жария етуді бұйырды: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тәмамдасын. Ал ештеңе жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)!» [2]. Бұл хадистен түсінетініміз, ораза кезінде сәресіге тұрмай таң атырған кісі де еш нәр татпастан сол күнгі оразасын ұстайды.

Лаж болса, сәресіні жібермеген жөн. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «сәресіде береке бар» деген. Сәресіде тәбетіңіз тартпай тұрса, тым болмағанда су ішкен жақсы. Осылайша, өзіңіздің денеңізді күні бойы керек еттіретін сұйықтықпен қамтамасыз еткен боласыз. Оның үстіне, сәресі – адамға рухани демеу.

Сәресінің аяқталу уақыты күннің шығуымен емес, таң намазының кіруімен есептеледі. Ендеше, аймағыңыздағы кесте бойынша таң намазы кіргенге дейін ауыз бекітіп үлгеруіңіз керек. Яғни, таң намазының уақыты кірісімен, ішіп-жеуді тоқтату керек.

Құран Кәрімде ауыз бекіту уақыты жайында былай делінген: «...Таңға дейін, (яғни) «қара жіп» «ақ жіптен» айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, содан соң оразаны кешке дейін толық орындаңдар...» [3]. Бұл аяттағы «қара жіп» – түнді, ал «ақ жіп» – таңды білдіреді. Яғни, қараңғылық кетіп, таң анықтала бастаған уақытта ішіп-жеуді тоқтату керек деген сөз.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу