Бағаны негізсіз көтергендер жауапкершілікке тартылады
Фото: kursiv.media
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы әр дүкендерде әртүрлі. Кейбір дүкендер тіпті бағасын шарықтатып қояды. Жай сатып алушы ретінде мен қайда хабарласа аламын?
Ермек, Күршім ауданы
Бұл сауалға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жауап берді:
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының негізсіз өскенін анықтаған тұтынушы Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114 мекенжайы бойынша немесе «Е-өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеу платформасы бойынша арызбен жүгінуіне болады. Өтінішке бағалардың фотосын, қандай дүкен екенін, сатып алған чегі болса, оны да тіркеу қажет. Департамент тарапынан түскен шағымдар негізінде, дүкен басшылығын щақыртып, бағаны негізсіз өсіру анықталған жағдайда әкімшілік шаралар алынады. Өтініш иесіне жүргізілген жұмыстар туралы жазбаша жауабы ұсынылады.
Оқи отырыңыз