Өскемендік депутаттар азық-түлік бағасын тексеруге шықты
Фото: Өскемен қаласының әкімдігінің парақшасынан алынды
Қазіргі уақытта арнайы жұмыс топтары Өскемен қаласының аумағында азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіп жатыр.
Тұтынушылар тауар бағасына қатысты арыз-шағымдарымен ШҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жүгіне алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Арнайы жұмыс топтары азық-түлік тауарларының әлеуметтік түрлерінің бағасын бақылау, баға белгілеу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сәйкес ұсыныстар беру мақсатында құрылған.
Осы аптада мәслихат депутаттары мен қала тұрғындарынан құралған топтар 50-ден астам сауда нысанындағы (супермаркет, базар, үйлердің жанындағы дүкендер) бағаларды тексерген.
Азық-түлік өнімдерінің әлеуметтік түрлерін қымбат бағаға сатып алған жағдайда сатып алушы дүкен тарапынан сауда үстемесін қолданудың сақталуы бойынша тексеру ашу үшін ҚР СИМ ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне (Крылов көшесі, 114, тел. 61-41-21) жүгіне алады.