KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО ішкі мемлекеттік аудит департаменті 6 айдағы жұмысын қорытындылады

Фото: depositphotos.com

24.07.2024, 10:10 196 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасын бюджет кірісіне өтеу бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді.

2024 жылдың 6 айдағы қорытындысы бойынша 145 әкімшілік хаттама толтырылып, оның 75 хаттамасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің (ӘҚБтК) 207-бабы бойынша, 38 хаттама бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 238-бабы бойынша, 5 хаттама заңды тұлғаның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 239-бабы бойынша, 27 хаттама мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау бойынша ӘҚБтК-нің 462-бабы негізінде толтырылған.

ҚМ ІМАК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті2024 жылғы 6 айда жалпы сомасы 15 654,1 мың теңгеге айыппұл салып, оның 15 458,4 мың теңгесі өндіріп алынды.

ДепартаментӘҚБтК-нің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді белсенді қолданады, бұл әкімшілік іс қозғалған тұлғаға қатысты санкцияда көрсетілген соманың елу пайызы мөлшеріндегі айыппұл сомасын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу