KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

«Aitas meat distribution» ЖШС кәсіпкерлік заңнамасын бұзуға жол берген

Фото: depositphotos.com

26.07.2024, 09:37 242 Ержан Әбіш

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2023 жылғы кезеңде өз өңірінің шекарасында тауық етін көтерме саудада өткізудің тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.

2023 жылы тауық етін көтерме саудада сату бойынша көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мыналар белгіленді: «Aitas meat distribution» ЖШС Шығыс Қазақстан аумағында 84,28% үлесімен тауық етін көтерме саудада өткізу нарығында үстем орын алады.

ЖШС-мен сатып алушылармен жасалған мұздатылған тауық етін жеткізу шарттарын зерделеу нәтижелері бойынша одан сатып алынған өнімді аумақтық принцип бойынша қайта сатуға шектеу қойылғаны анықталды.

Департамент ЖШС аталған іс-әрекеттерінде Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабының 3) тармағында көзделген аумақтық белгілері бойынша одан сатып алынған тауарларды қайта сатуға шектеулер белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бар деген тұжырымға келді.

Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес нарық субъектісінің атына 2024 жылғы 10 мамырда бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама шығарылды.

Бүгінгі күні хабарландыру талаптары қолданыстағы шарттарға тиісті өзгерістер енгізу жолымен орындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу