KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2,1 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Велосипед аялдамаларының оңтайлы орналасу алгоритмі жасалды - ШҚО

9.03.2023, 20:41 468 Мадина Амангелдіқызы

Шығыстың IT-мамандары велосипед аялдамаларының оңтайлы орналасу алгоритмін жасап шығарды.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ цифрлық технологиялар және модельдеу зертханасының ғалымдары кептелістер мен географиялық орналасуын ескере отырып велосипед аялдамаларының оңтайлы орналасу алгоритмін әзірледі. Алгоритм Python бағдарламалау тілінде жасалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

– Алматы тұрғындары бұрыннан қосымшаның көмегімен велосипедтерді жалға алып жүр. Клиент көлікті сапарға дейін бірнеше сағатқа жалға алып,  онымен тек бір жерде ғана жүреді. Мысалы, АҚШ-та қосымшаның көмегімен жақын маңдағы велосипед станциялары қолданылады. Яғни, велосипедті демалу үшін ғана емес, қозғалыс құралы ретінде де пайдалануға болады, – дейді цифрлық технологиялар және модельдеу зертханасының аға ғылыми қызметкері Алмасбек Мәуліт.

«Ядролық физика» мамандығының 5 курс студенті Нұрасыл Жомартхан олардың алгоритмі бизнесмендерге велосипедті жалға беру жүйесін жақсартуға көмектесетінін айтады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу