KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Жалға алған велосипедті сатпақ болған

25.08.2021, 15:48 230

Өскемен қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне велосипедтерді жалға беру пунктінің 62 жастағы қызметкері жүгініп, қала тұрғыны велосипедті жалға аламын деп алдап, ұрлап кеткенін хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері 24 жастағы ер адамның дүкенге тиесілі велосипед ұрлағанын анықтады. Осы әрекеттерімен қаскөй дүкен иесіне 80 мың теңгеден астам сомада залал келтірген.

- Полиция қызметкерлері аталған ер адамды ізін суытпай ұстаған. Велосипед иесіне қайтарылды. Ұсталған адамның айтуынша, ол велосипедті сату мақсатында ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу