KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

Өнеркәсіп саласында жыл қорытындысын шығарды: 126 жаңа жоба іске қосылды

Фото: Primeminister.kz

22.12.2023, 10:13 169

Биыл елімізде 126 жаңа жоба іске қосылып, нәтижесінде 8,9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Primeminister.kz сілтеме жасап. 

Биыл Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 488 млрд теңге болатын 126 жаңа жоба іске қосылды. 8,9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Айта кетейік, жұмысқа орналастыру шараларымен қалалар, моноқалалар және ауыл тұрғындары қамтылуда.

Ел экономикасы үшін ең негізгі және маңызды жобалар

-Тамызда Дөң тау-кен байыту комбинатының жиналған шламдарын өңдейтін байыту фабрикасы іске қосылды. Зауыттың қуаттылығы жылына 400 мың тонна хром концентратын құрайды, жалпы инвестиция көлемі – 96 млрд теңге. Жоба аясында 400-ге жуық жұмыс орны ашылды. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде бұрыннан жинақталып қалған 14,5 млн тонна қалдық өңделетін болады.
-Қарашада Қарағанды облысында арнайы кокс шығаратын ауқымды жоба техникалық түрде іске қосылды. Қуаттылығы жылына 400 мың тонна болатын кәсіпорында 184 жұмыс орны ашылды. Арнайы кокстан бөлек, зауытта жылына 72 мың тонна көмір шайыры мен көмір майын өндіру де жоспарланып отыр.

-Қарашада Қарағанды облысы Саран қаласының индустриялық аймағындағы Silk Road Electronics зауытында отандық тұрмыстық техника өндірісі ашылды.

Автоматтандырылған кәсіпорында Artel брендімен су жылытқыштар, шаңсорғыштар, ас үй плиталары, шағын пештер, ас үй ауасын тазартқыштар, жартылай автоматты кір жуғыш машиналар мен теледидарлар сияқты 7 түрлі өнім шығарылады. Зауыт 2025 жылға қарай толық қуатына шыққанда жылына 1,1 млн дана өнім шығаратын болады.

-Қарағанды облысында ашылған тағы бір маңызды жоба – қуаттылығы жылына 330 мың тонна өнімді құрайтын әк шығаратын зауыт. Импортты алмастыруға зор үлес қосатын кәсіпорынға "Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрсетілді. Зауыт республиканың әктасқа қажеттілігін толық жабады деп күтілуде.

-Қыркүйекте Жетісу облысындағы керамикалық плитка өндірісінің қуаты жылына 1,2 млн шаршы метрден 3,5 млн шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Бұл еліміздегі осы өнім импортының 10%-ын жабуға мүмкіндік береді. 226 жұмыс орны ашылды. 

-Қостанайда әлемдік өндірушілермен өнеркәсіптік кооперация аясында бірқатар жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жылына 10 мың дана Jetour автокөліктерінің сериялық өндірісі, сондай-ақ жылына 15 мың дана Skoda автомобильдерінің өндірісі іске қосылды. 

-Локализацияны дамыту аясында қуаттылығы жылына 25 мың дана Kia Sportage және Kia Cerato автомобильдерін ұсақ тораптық әдісі арқылы (дәнекерлеу және кузовтарды бояуды қоса) шығару ұйымдастырылды. Қуаттылығы жылына 30 мың дана Chevrolet Onix автокөліктерін ұсақ тораптық әдіспен шығару жобасын іске қосу басталды.

-Қостанай индустриалды аймағында қуаттылығы жылына 70 мың автомобильді құрайтын жаңа Kia зауытының құрылысы басталды. Сонымен қатар ШОБ-тың қатысуымен автокомпоненттер шығарылатын локализациялау орталығының құрылысы жүріп жатыр.
-Алматыда Hyundai Trans Almaty зауытын жаңғырту аяқталды: Golden Dragon қалалық автобустарын, сондай-ақ Hyundai жүк көліктерінің барлық моделін дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операциялар іске қосылды.

-Сонымен қатар Алматыда орындық, мультимедиа жүйелері мен пластикалық бөлшектер шығаратын Hyundai автомобильдік локализациялау паркінің құрылысы басталды. Локализациялауды тереңдету аясында инвестиция көлемі 12,4 млрд теңге құрамақ. 400-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу