KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Сенатор Алматы – Өскемен жүрдек пойыз бағытын қайта ашуды сұрады

25.01.2024, 16:11 91

Сенат депутаты Ольга Булавкина Шығыс Қазақстанға жүрдек пойыз бағытын ашуды ұсынды. Айтуынша, қазіргі пойызбен өңір тұрғындары жолға 27 сағатын жоғалтады. Екі қала ортасында жүрдек пойыз қатынайтын болса, тұрғындар діттеген жеріне 11 сағат ерте жетеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Депутат теміржол жолаушылар тасымалы саласындағы проблема бұрынғыдан да өзекті екенін айтты. Облыс пен Алматы қаласы арасында жоғары жылдамдықты теміржол қатынасы жоқ. Бүгінде облысты Алматы қаласымен байланыстыратын жалғыз жолаушылар пойызы – №351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1» пойызы.

«Бұл бағыттағы қызмет көрсету сапасы төмен, вагондары кеңестік кезеңнен қалған, ал жол ұзақтығы – 27 сағат. Бұған қатысты жолаушылардан талай шағымдар кеп түскен. Денсаулығы нашар адамдар, кішкентай баласы бар ата-аналар, студенттер лас әрі желдетілмейтін вагондарда жүруге мәжбүр, – дейді сенатор.



Булавкина осыдан екі жыл бұрын екі қала арасында «Тальго» жүрдек пойызы қатынағанын айтты. Айтуынша, сол кезде жол жүру уақыты 11 сағатқа бірақ қысқарған.

«Тальго» жолаушылар пойызы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін барлық талапты орындап, Алматы – Өскемен бағытында жүріп, жол жүру уақыты 16 сағатты құрады. Алайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ ақпаратына сәйкес, жолаушылар ағынының төмендеуіне байланысты бұл бағыт жабылған. Алматы қаласымен жол қатынасы бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқан республикалық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстары мен қыс мезгіліндегі қолайсыз ауа райына байланысты қиындап тұрғанын атап өткім келеді. Осыған орай, №69/70 «Алматы-2 – Өскемен-1» жүрдек теміржол бағытының қайта іске қосылуы облыс тұрғындары мен қонақтары үшін қажет», – деді Булавкина.


Сонымен қатар депутат халықаралық бағытты да жақсартуды ұсынды. Ол тұрғындардан Ресей Федерациясымен теміржол жолаушылар қатынасын, атап айтқанда Риддер – Томск бағытын ашуды сұрап отырғанын айтты. Сенатордың айтуынша, Алтай өлкесімен және Новосібір облысымен шектесетін және тығыз сауда-әлеуметтік байланысы бар Шығыс Қазақстан облысының теміржол қатынасын дамытса, облыста кәсіпкерлікті, оның ішінде туризмді дамытуға оң әсер етеді.


Депутат қысқы маусымда көлік құралы ретінде пойыздардың сенімдірек екенін, ауа райына байланысты жолдар жабылған кезде межелі жерге жетудің ең оңтайлы жолы екенін атап өтті.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу