KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Илон Масктың компаниясы адам миына чип енгізді

Фото: rbc.rurbc.ru

30.01.2024, 13:31 80 Анель Слямғазықызы

Америкалық миллиардер әрі кәсіпкер, SpaceX және Tesla негізін қалаушысы Илон Маск бірінші адам миына Neuralink имплантын енгізу процедурасынан өткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.

 

Бұл туралы миллиардер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

 

"Бірінші адам кеше Neuralink-тен имплант алды және отадан кейін жақсы сауығып келеді", - деді ол.


 

Масктың айтуынша, құрылғы жұмысы туралы алғашқы мәліметтер жақсы нәтижелерді көрсеткен.

 

Еске салайық, 2023 жылғы қыркүйекте америкалық бизнесмен Илон Масктың нейротехнологиялық компаниясы Neuralink импланттарды миға енгізу бойынша клиникалық сынақтар үшін еріктілерді тарта бастады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив