KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 4 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Әлемдегі ең бай адам анықталды

Сурет: inbusiness.kz

4.07.2023, 10:03 968 Оразай Жеңісұлы

Америкалық миллиардер Илон Маск тағы да әлемдегі ең бай адам атанды. Кәсіпкер Bloomberg тізімінде тағы да көш бастады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Басылымның хабарлауынша, Tesla және SpaceX негізін қалаушы бірінші жартыжылдықта өзінің жағдайын шамамен 100 миллиард долларға арттырды: алты айда ол өзінің капиталын 234 миллиард долларға дейін көбейтті.

Рейтингте екінші орында 200 миллиард доллармен LVMH иесі Бернар Арно, ал үшінші орында 154 миллиардпен Amazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы америкалық кәсіпкер Джефф Безос тұр.

Илон Масктан кейін табысы бойынша Meta Platforms иесі Марк Цукерберг тұр: маусымға қарай оның байлығы 58,9 миллиард долларға өсті және қазір 104 миллиард долларды құрайды. Цукерберг әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде тоғызыншы орында тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив