Tesla басшысы Twitter-дің болашағы туралы айтты
Америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін компанияның болашағы қандай болатыны туралы айтты.
"Менің ойымша, компанияның болшағы зор. Twitter әлемдегі ең қымбат компаниялардың бірі болуы мүмкін", - деді Маск Нью-Йорктегі инвесторлар конференциясында.
Бұған дейін Twitter-де жаппай жұмысшыларды қысқарту басталғаны хабарланған еді. Қазір компания қызметкерлерінің қанша бөлігі қызметінен босатылғаны белгісіз. Жалпы штатта 7,5 мыңға жуық қызметкер бар.
Еске салайық, кәсіпкер компанияны қазанның аяғында сатып алып, директорлар кеңесін таратқан еді.
Оқи отырыңыз