KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
504.34 556.34 5.97

«Торпедоның» рекорды ұзақ сақталған жоқ

Фото: Торпедо ХК сайтынан алынды

1.02.2024, 16:26 147 Нұржан Кенжеұлы

Осыдан бірер күн бұрын Павлодардың «Ертісін» 8:1 есебімен талқандаған өскемендік ұжым осылайша биылғы маусымдағы ең ірі жеңісіне жеткен болатын.

 

 

Алайда, бұл рекорд ұзақ сақталған жоқ. 2023-24 жылдарғы 1хBet Pro hokei Ligasy тұрақты чемпионатының келесі турында-ақ «Торпедо» бұдан да зор жеңісін тойлады. Алматыда жергілікті аттас командамен кездескен «торпедолықтар» қарсыластарын 9:1 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

 

Ойынның алғашқы минуттарынан айдын иелерінің қақпасына лап қойған өскемендік хоккейшілер көп ұзамай есепті ашты. Нәтижелі соққының авторы – бұл күні дубль жасаған шабуылшы Андрей Лагунов. Сондай-ақ, матч барысында «Торпедо» сапынан Александр Архипов (хет-трик), Богдан Сенотов, Диас Тютюньков, Тигран Кизекпаев пен Александр Панченко көзге түсті. Ал алматылықтар бұған Сергей Твердохлебовтың шайбасымен ғана жауап бере алды. Қорытынды есеп 9:1!

 

 

Осылайша, «торпедолықтар» қоржынындағы ұпайлар санын 58-ге дейін жеткізіп, турнир кестесіндегі төртінші орнын сақтап қалды. Дәл қазір өскемендік команда бесінші орындағы «Ақтөбеден» бес ұпайға алда тұр.

 

 

Келесі ойынын жерлестеріміз 3 ақпан, сенбі күні қонақта «Номад» (Астана) командасымен өткізеді.

 

 

Айта кетейік, осыған дейін «Торпедо» хоккейшілерінің 2023-24 жылдарғы 1хBet Pro hokei Ligasy плей-офф кезеңіне күні бұрын жолдама алып қойғаны туралы жазған болатынбыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу