KZ
Өскемен
+3°
туман жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

«Торпедо» «Металлургтен» жеңіліп қалды

14.10.2019, 09:03 117

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті, 13-ші турында Ресейдің Новокузнецк қаласында жергілікті «Металлургпен» кездескен өскемендік «Торпедо» 3:6 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кетейік, бұл жерлестеріміздің жаңа маусымдағы жетінші жеңілісі. Осыдан бірер күн бұрын Алексей Ждахин шәкірттері «қазақстандық дербиде» Қарағандының «Сарыарқасына» есе жіберген болатын (есеп 3:4). Енді міне, «Металлургке» де жол берді.
Жалпы, бұл ойында хоккей мамандары торпедолықтардан гөрі айдын иелерінің жеңісіне көбірек сенді. Бұл түсінікті де, себебі, новокузнецкілік команда қазір чемпионаттың үздік төрттігінің қатарында, 13 ойында ресейлік ұжым қоржынына 19 ұпай салып үлгерген. Торпедолықтар болса, әзірге тоғызыншы орынды қанағат тұтуда.

Ойынға келер болсақ, матчтағы алғашқы шайбаны «Торпедо» хоккейшісі соқты. Нәтижелі соққының авторы – шабуылшы Александр Тарасов. Дегенмен, бұдан кейін сәттілік «Металлург» ойыншыларына көбірек жолдас болды. Айдын иелерінің алты шайбасына жерлестеріміз Евгений Рымарев пен Тимур Таратуниннің дәл соққыларымен ғана жауап бере алды. Қорытынды есеп 3:6.

Бүгін жерлестеріміз «Металлургпен» тағы бір кездесу өткізеді. Новокузнецк қаласында өтетін ойын кешкі сағат 18:00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив