KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Павлодарлық донордың ағзалары үш адамға салынды

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

12.03.2024, 12:18 126 Жанаргүл Мұқатай

Мереке күндері хирургтар үш донорлық органды трансплантаттады.

Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап

Мереке алдындағы күні құрамында Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен мейіргерлері бар жоғары білікті дәрігерлер тобы санавиация бортында Павлодар облысына келді.

Сонымен қатар Астана қаласында күту парағында тұрған бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды.

Медициналық зерттеп-қараудан өту нәтижесі бойынша және комиссияның шешімі бойынша 26 жастағы реципиент анықталды. Ол бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған.

Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер ересек пациентке кадаверлік бүйректі трансплантаттауды сәтті жүргізді.

Реципиент палатаға ауыстырылды, бүгінгі күні оның жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр.

Екінші бүйрек балаға Астанадағы Ана мен бала орталығында трансплантатталды.

Үшінші орган - жүректі трансплантаттау Кардиохирургиялық орталықта жүргізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив